USD
USD
USD

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Астанада тұрғындарға жалған медициналық қызметтер көрсетіп, Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты.

скриниг
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. «Forte Clinic (Tumar)» ЖШС жеке клиникасының басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алу үшін емханаға тіркелген азаматтар санын қолдан көбейткен. Емханаға 15 мыңнан астам адам жазбаша өтініштер негізінде тіркелген. Тексеру барысында басқа өңірлердің тұрғындарын, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ елден тыс жерге кеткен азаматтарды тіркеу фактілері анықталған.

«Салдарынан мемлекетке келтірілген залал 79 млн теңгеден асты», – делінген ҚМА хабарламасында.

Қылмыстық схеманы іске асыру үшін клиника басшысы «Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерін тартқан. Ол қызметтік қолжетімділігін пайдаланып, жалған өтінімдерді заңсыз мақұлдап отырған.

Бұған қоса сотталушы «Damu Med» ақпараттық жүйесіндегі медицина қызметкерлерінің аккаунттарын әкімшілік өкілдерінің телефон нөмірлеріне байланыстырып, олардың есептік жазбаларын бақылауға алған. Осыны пайдаланып, заңсыз тіркелген азаматтарға медициналық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізіп, Қор қаржысын алып отырған.

Сот клиника басшысын 5 жылға, ал Денсаулық сақтауды дамыту орталығының қызметкерін 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК

Қаза тапқандар бар: Астана – Петропавл тас жолында көлік өртенді

көлік апаты