USD
USD
USD

Астанада жедел жәрдем станциясынан 850 млн теңге жымқырылғаны мәлім болды

Бас прокуратура жедел медициналық жәрдем станциясында жымқыру фактілері анықталғанын хабарлады.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, елордағы жедел жәрдем станцияларында 2020-2023 жылдар аралығында санитарлық автокөлік бөлшектерін заңсыз есептен шығару және жалған қызмет көрсету шарттары жасалған.

«Соның нәтижесінде жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған», – делінген хабарламада.

Бұл фактілерді тергеп-тексеру үшін арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

«Қазіргі уақытта "103" автопаркі толығымен қалпына келтірілді.

Төрт қызметкер, оның ішінде екі орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды.

Көрсетілген тұлғалардың әрекеттерінен мемлекетке 850 млн теңге сомасында аса ірі залал келтірілген», – деп мәлімдеді прокурорлар. 

Олардың іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің «Кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған аса ірі мөлшерде бірнеше рет иемденiп алу» тармақтары бойынша сараланған.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан

Әділет министрлігі NCOC-тың айыппұлға қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді

экологиялық айыппұл

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай