USD
USD
USD

Астанада жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Астанада жастар, жасөспірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді.

Ауыр атлетика
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Астанада 4-10 шілде аралығында жастар, жасөсіпірімдер және қыздар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Азияның 25 елінен келген 300-ден астам жас спортшының басын қосқан жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінің аренасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл беделді құрлықтық чемпионатқа Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Тайланд, Оңтүстік Корея, Кувейт және басқа да елдердің өкілдері қатысады. Ең үлкен құрам – Қазақстаннан. Ел намысын 36 спортшы қорғайды.

17-20 жас аралығындағы жас атлеттер ауыр атлетиканың классикалық жаттығулары – жұлқи және серпе көтеру түрінен бақ сынасады. Жеңімпаздар жекелеген жаттығуларда да, қос сайыстың жалпы қорытындысы бойынша да анықталады.

Жарыстың ашылу салтанаты«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде 4 шілде күні сағат 17.00-де өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Айта кетейік, Қазақстан ауыр атлетикадан ірі халықаралық жарысқа соңғы рет 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында қатысқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус