USD
USD
USD

Астанада жасөспірім жоғалған кілтті тауып алып, көршісінің пәтеріне ұрлыққа түскен

Астанада жасөспірім жоғалған кілтті тауып алып, көршісінің пәтерінен ұрлық жасаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға қала тұрғыны жүгініп, оның пәтерінен қолма-қол ақша мен алтын бұйымдарының ұрланғанын және 1,5 млн теңге көлемінде шығын келтірілгенін айтып арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол белгілі уақыт бұрын пәтерінің кілтін жоғалтып алған. Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бөтеннің мүлкін жасырын ұрлады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, кәмелетке толмаған бала жоғалған кілтті ауладан тауып алған және бірнеше күн бұрын көршісінің кілтті іздеп жүргенін білген. Жасөспірім қолайлы сәтті күтіп, жәбірленушінің үйінен гауһар тасы бар алтын алқаны, гауһар тасы бар екі алтын жүзікті, алтын сырғаны және қолма-қол ақшаны жымқырып кеткен.

Қолды қылған зергерлік бұйымдарды танысы арқылы ломбардқа өткізген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған бала заңды өкіліне тапсырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова