USD
USD
USD

Астанада жас қыздан жарты келі мефедрон тәркіленді

Астанада 23 жастағы қыздан жарты келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордада полиция қызметкерлері 23 жастағы тұрғынды үйінде ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін ұстады.

Жедел іс-шаралар прокуратураның үйлестіруімен жүргізіліп жатқан есірткі қылмыстарына қарсы 30 күндік кешенді шаралар аясында өтті.

Қыз кіреберісінде "қоймаға" жасырын есірткі қалдыруға дайындалып жатқан сәтінде қолға түсті. Жеке тінту барысында одан ерекше иісі бар, мефедронға ұқсас ақ түсті зат салынған 40 түйіншек табылды. Одан бөлек, пәтерін тінту кезінде полицейлер шкафтан тағы жарты келі мефедронды, сондай-ақ есірткіні бөліп-орауға арналған электронды таразы мен түрлі құрал-жабдықтарды анықтады.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті есірткі тобының "қоймашысы" болған: ол ірі партияларды қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратушыларға жеткізіп отырған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов