USD
USD
USD

Астанада жанып жатқан пәтерде жалғыз қалған 6 жасар баланы көршілері аман алып қалды

Елордада пәтерлердің біріндегі өрт көзінде үйде жалғыз қалып қойған 6 жасар баланы көршілері құтқарып қалды.

сөндірушілер
Фото: Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Оқыс оқиға 2024 жылдың 25 қазанында Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы көпқабатты пәтерлердің бірінде болды.

«112 пультіне Байқоңыр ауданында Кравцов көшесінің бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында пәтер жанып жатқаны, пәтердің ішінде бала бар екені туралы хабарлама келіп түсті», – делінген ТЖМ хабарламасында. 

Өрт орнына келген құтқарушылар ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін көршілері пәтердің кіреберіс есігін ашып, 2018 жылы туған баланы құтқарып алғанын анықтады.

Өрт сөндірушілер жедел түрде өртті сөндірді.

Бала зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум