26 Мамыр 12:55
...

Астанада жаңбырдан кейін неге көшені су басады? – Қала әкімі жауап берді

су
Фото: aikyn.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек су басып қалатын көшелердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. «Қазір Астананың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, ауданы 16,7 мың гектардан астам аумақты алатын жер үсті ағындарын бұратын 610,8 шақырым болатын нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады. Қалада 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі аралықта нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 шақырымнан астам желісі, 9 сорғы стансасы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды», -деп жазды әкім Instagram парағында.

Су басып қалатын екі негізгі учаске бойынша:

Жаңа Мега ауданы. Құрылыс ұйымдарының Хусейн бен Талал даңғылындағы нөсерлі кәріз желісіне жерасты суларын заңсыз құюы және төгуі салдарынан 29/2 көшесін су басып қалды. Суды заңсыз төмендетудің жалпы көлемінің қуаты 4000 м3/сағ құрады. Қазір су төккен меншік иесі анықталып жатыр. Материалдар табиғатты қорғау полициясына беріледі.

Тұран даңғылы. Тұран даңғылы мен Ұлы дала көшесіндегі кәріз коллекторының жұмысы жеке құрылыс салушылар мен бірқатар үйдің заңсыз қосылуына байланысты шамадан тыс жүктеледі. Салдарынан оның толып кетуіне әкеледі. Сол сияқты тұрмыстық заттар, құрылыс материалдары және тағы басқасы кәрізге тасталады. Ал бұл сорғы жүйесі мен тазарту қондырғыларының дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі. Нысан 16 жыл бұрын салынған. Бұл орында (Тұран және Ұлы дала даңғылдарының қиылысы) 40-тан астам арнайы техника жұмыс істейді. Жағдай бақылауда.

Бұдан бөлек, осыған дейін әкімдік Тұран даңғылында тағы бір магистральдық кәріз коллекторының құрылысын бастаған. Оның ұзындығы – 8 шақырым, бұл қолданыстағы коллектордың ұзындығынан үлкен. Магистральдық кәріз коллекторы толықтай осы жылдың күзінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. 2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды. Оның аясында 10 шақырымнан астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды, – деді Жеңіс Қасымбек.