USD
USD
USD

Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді?

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу іске қосылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады. Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.