USD
USD
USD

Астанада жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Байқоңыр ауданының Қоянды саяжай алабында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. Іс-шараға танымал спортшылар, елордалық эстрада әртістері, сондай-ақ 100-ден астам тұрғындар мен саяжай алабының балалары қатысты.

Жергілікті тұрғындар үшін эстрада әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кәсіби спортшылар шеберлік сабақтарын өткізді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар арасында футбол турнирі өткізілді.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін мерекелік дастархан жайылды.

«Бұл массивте 2,5 мыңнан астам адам тұрады. Бұрын бұл жерде қоғамдық кеңістік мүлдем болмаған. Биыл алаптың орталық алаңы кешенді түрде абаттандырылып, ауданы 2000 шаршы метр жаңа қоғамдық кеңістік құрылды», – деді Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді.

Мұнда үлкен футбол алаңы, балалар ойын алаңы, workout алаңы, балаларға арналған арнайы коньки алаңы және шағын баскетбол алаңы орнатылды.

Айта кету керек, 2023 жылы Қоянды саяжай алабында ауқымды жарықтандыру жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы