USD
USD
USD

Астанада «Жаңа Арқа» тұрғын үй кешенін салып жатқан құрылыс компаниясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Астана қаласының Полиция департаменті «Жаңа Арқа» ТҮҚ салымшыларының арыздары бойынша алаяқтық фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тергеу барысында жосықсыз құрылыс салушы тиісті рұқсатсыз және заң талаптарын бұза отырып, тұрғын үй кешенін салуға азаматтардан қаражат тартқаны анықталды.

Құрылыс салушының қылмыстық әрекеттері нәтижесінде 300-ден астам отбасының мүддесіне 4 млрд теңге көлемінде аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген.

Елорда прокуратурасының үйлестіруімен тергеу органы кінәлі адамды ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда, іс бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлерден қаражат тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан сақтануға және құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек