Астанада жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысты

Бүгін, 26 сәуір күні сағат 10:00-ден бастап елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр. Оған 100 мыңнан астам қала тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бизнес өкілдері, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, МИБ (ПИК) және т.б. қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы, NEGE. Сенбілік барысында 12 мыңнан астам ағаш және 16 мың шаршы метрден астам бұталар мен сәндік өсімдіктер отырғызылды. Қатысушылар осылайша қаланы көркейтуге үлес қосты. Тұрғындар тазалық орнатып, аулаларын абаттандыру үшін жиналды.
2025 жылы елорданың түрлі аудандарында, соның ішінде Ақбұлақ өзенінің жағалауында, Р.Қошқарбаев даңғылы мен С.Нұрмағанбетов көшелерінің қиылысында, Ж. Омаров көшесі, Абай даңғылы және Ш. Уәлиханов көшесі, Кирпичный тұрғын алабында, сондай-ақ Керей, Жәнібек хандары, Ұлы Дала көшелерінің бойында, Жағалау саябағында, РДО жанында, Бейбітшілік, Күмісбеков, Серкебаев көшелерінің бойында тазалық жүргізілді. Ал «Жастар» саябағында, Ботаникалық бақта, Көктал саябағында, Абай алаңында және басқа да қоғамдық орындарда көшет отырғызылды.
Экоакция барысында 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, бұл 100-ден астам ауыр жүк рейсіне тең.
Алматы ауданының тұрғыны өз әсерін былайша жеткізді:
«Бүкіл қаланың бір мақсат үшін біріккенін көру көз қуантады. Бүгін көршілерімізбен бірге үйіміздің жанына бірнеше ағаш отырғыздық. Енді бірнеше жылдан кейін мұнда әдемі аллея болады деп үміттенемін», – деді ол.
Бүгінгі тазалық іс-шарасы сенбілікке шыққан жас жұбайлар үшін ерекше оқиға болды. Байқоңыр ауданында Құрмет пен Диана Жолбарысовтар ауқымды көгалдандыру науқанына қосылып, ағаш отырғызды.
«Біз үшін бұл – қос мереке. Біз жаңа отбасын құрып қана қоймай, қаламыздың болашағына аз да болса үлес қосып, жаңа өміріміздің символы ретінде бірге ағаш отырғыздық», – деді Құрмет.
Астанада экологиялық акция аясында қаланы, нөсер және суару арықтарының кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындарды және аулаларды тазалау және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасыл екпелерді күту және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда алаңдарын, т.б. орындарды тазарту, рұқсат етілмеген үйінділерді жою және т.б. жұмыс жүргізіледі. Мердігер ұйымдар шағын сәулет нысандарын, ескерткіштер мен шағын сәулет нысандарын, қоқыс орындары мен контейнерлерді жуу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
Күн райының жылынуымен қалада абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Биыл елордада миллионға жуық жасыл желек (ағаш, бұта, көшеттер, т.б.) отырғызу жоспарланып отыр. Абаттандыру жұмысы қаланың барлық алты ауданын, оның ішінде алаңдарды, аулаларды және жағалауларды қамтиды.