USD
USD
USD

Астанада XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өз мәресіне жетті

Елордада математика, физика және информатика пәндері бойынша оқушылардың XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы (IZhO 2025) қорытындыланды. 

Жәутіков олимпиадасы
Фото: NIS

Алматы, NEGE. Білім сайысына 15 елден келген 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысты. Олимпиадада барлығы 318 медаль сарапқа салынған. Оның ішінде 69 алтын, 100 күміс және 149 қола медаль бар.

Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы №239 Президенттік физика-математика лицейі атанды. Қазақстандық оқушылар да жоғары нәтиже көрсетіп, 116 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 21 алтын, 33 күміс және 62 қола медаль ел қоржынына түсті. 

Жәутіков олимпиадасы дарынды жастарды анықтап, ғылымға құштарлықтарын арттыруда және елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу