Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада «WorldSkills Astana-2025» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін Астанада «WorldSkills Astana-2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Биылғы шара елордада оныншы рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Чемпионат
Фото: GOV.KZ

Астана, NEGE. Чемпионатқа 300-ден астам үміткер, 250 сарапшы және 4 мыңнан астам қонақ қатысуда.

WorldSkills қозғалысының басты мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және кәсіби дағдыларды дамыту.

Чемпиона
Фото: GOV.KZ

Қазақстан бұл жаһандық бастамаға 2014 жылы қосылып, 2015 жылы Астанада алғаш рет қалалық чемпионатөткізілген болатын. Сол уақыттан бері бұл жоба кеңейіп, 2025 жылы өтетін додаға 49 құзыреттілік бойынша300-ден астам қатысушы тіркелген.

Жарыстар 15 колледж алаңында 30 мамырға дейін жалғасады. Қатысушылар өз шеберліктерін прототип жасау, ресторан сервисі, дәнекерлеу, графикалық дизайн, мобильді робототехника, интернет-маркетинг және мобилография сияқты бағыттарда көрсетеді.

Астана
Фото: GOV.KZ

Негізгі бағыттар мен мамандықтар:

  • Құрылыс және инженерия: кірпіш қалау, плиткамен қаптау, электромонтаж, сантехника, ағаш шеберлігі, ЖД көлігінде тасымалды басқару.

  • Өнеркәсіп және мехатроника: дәнекерлеу, токарлық-фрезерлік жұмыстар, кузов жөндеу, E-mobility.

  • IT және цифрлық технологиялар: желілік әкімшілік ету, веб-технологиялар, мобильді қосымша жасау, 3D ойын моделі, бейнемонтаж.

  • Қызмет көрсету және креатив индустриясы: аспаздық, наубайхана ісі, сән технологиясы, флористика.

  • Білім және әлеуметтік кәсіптер: бастауыш оқыту, мектепке дейінгі тәрбие, дене шынықтыру.

  • Көлік және техникалық қызмет: жеңіл көлік жөндеу, кабель желілерімен жұмыс.

  • Кәсіпкерлік және бизнес: сервис ұйымдастыру, кәсіпкерлік негіздері.

Сонымен қатар, чемпионат аясында ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған Abilympics, есту қабілеті бұзылғандар үшін DeafSkills, оқушылар арасында JasSkills жарыстары өтеді.

Чемпионат
Фото: GOV.KZ

Аймақтық жеңімпаздар 2025 жылдың күзіне жоспарланған ұлттық чемпионатқа қатысады.

Жарыс аясында қосымша іс-шаралар да өтеді:

  • «100 бейінді сынып» жобасы аясында оқушылар слеті (8 бағыт: сервис, ІТ, медицина, ЖД көлігі, дизайн, педагогика, тігін өндірісі, техникалық қызмет);

  • «CHOCOLATINE KAZAKHSTAN 2025» республикалық чемпионаты;

  • Колледждерде экскурсиялар мен шеберлік сабақтары әлеуметтік серіктестермен бірлесе ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар

Қазақстан туралы даулы пікір айтқан ресейлік блогер елден шығарылды

Ксения Гузаева

Қарағанды облысында электр станциясына 8 млн теңге айыппұл салынды

экологиялық бұзушылық