USD
USD
USD

Астанада VI Халықаралық гастрономиялық «Astaufest-2025» фестивалі басталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада алғаш рет техникалық және кәсіптік ұйымдардың студенттері арасында «Astaufest-2025» VI Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтуде, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана
Фото: Астана

Алматы, NEGE. Фестивальге алыс-жақын шетелдерден 45-тен астам оқу орны қатысуда. Үш күнге созылатын шараға 230-дан астам студент, педагог және өндірістік оқыту шеберлері жиналып, тәжірибе мен идеялар алмасу алаңына айналды. Болашақ аспаздар мен кулинарлар әлемнің түрлі дәмдерін әзірлеп, мәдениеттерін таныстыруда.

Айта кетерлігі, фестиваль аясында қоғамдық тамақтану және сервис колледжі базасында Кондитерлік академия ашылады.

«Бұл фестиваль гастрономия саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, техникалық және кәсіптік білім беруге заманауи стандарттар мен талаптарды енгізуге мүмкіндік береді. Студенттер бір-бірімен тәжірибе алмасып қана қоймай, өздерінің авторлық жобаларын қорғайды, кулинарлық гастрономия саласындағы инновациялармен танысады», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Қатысушылардың кәсіби шеберлігін Қазақстанмен қатар, Гонконг, Үндістан, Франция, Түркия, Швейцария, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген 13 сарапшы бағалайды.

«Astaufest-2025» – кәсіби мамандар мен студенттер үшін таланттарын шыңдап, әлемдік гастрономияның үздік тәжірибелерін меңгеру үшін тамаша мүмкіндік.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік