USD
USD
USD

Астанада үй иесінің алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті ұсталды

Астанада үй иесінің алтын бұйымдарын қолды қылған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтын бұйымдар
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, жас жігіт елорда тұрғынының үйіне екі рет қонаққа келген. Алғашқы келуінде ешкім назар аудармаған сәтті пайдаланып, ол байқатпай жатын бөлмеге кіріп, сөреден алтын сақинаны ұрлап кеткен.

Үй иелері ұрланған затты байқамағанына көз жеткізген ол, келесі келгенде тағы бір сақинаны ұрлаған. Жалпы құны шамамен 300 мың теңге тұратын алтын бұйымдардың жоғалғанын байқаған үй иесі, полицияға жүгінген.

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жігітті анықтады. Белгілі болғандай, ол ақша иемдену мақсатында ұрланған сақиналарды ломбардқа өткізген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен