USD
USD
USD

Астанада университеттен музыкалық аспап ұрлаған абитуриент ұсталды (видео)

Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні ол құралды университет бөлмесінен байқаған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт, баянды ұрлап, негізігі шыға берістен шығып кеткен.

Ол өз әрекетімен 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктіні анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Ұрланған құрал тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды. 

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов