Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Республика күні мен Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойына орай ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ат спорты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Фестиваль аясында бәйге мен көкпардан жарыстар ұйымдастырылады. Жарыстар 11-12 қазан күндері Астана маңындағы «Қазанат» атшабарында өтеді. Бәйге 12 қазан күні сағат 11:00-де басталады. Көпшілік көз тіккен жүйріктер сайысының жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Сондай-ақ, фестиваль аясында көкпардан Солтүстік аймақтың тума шабандоздарына арналған турнир өтеді. Іріктеу ойындары 11 қазан күні 09:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Финалдық ойындар 12 қазан күні 09:00-де басталады.

Ойындардың жалпы жүлде қоры – 12 млн теңге. Сайыс аяқталғаннан кейін көрермендер арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кіру тегін.

Қазір оқып жатыр

Алматы мен облыс тұрғындары жарықсыз қалды

Алматы

Қыркүйектен бастап Бозжыра шатқалына кіру ақылы болады

Бозжыра

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея