Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтеді

28 қараша күні Қазақстан астанасында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы және ұйымның негізгі органдарының отырыстары өтеді, деп хабарлайды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ
Фото: ҰҚШҰ

Алматы, NEGE. «2024 жылғы 28 қараша күні Астанада Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді», - делінген хабарламада.

Іс-шара ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу, ынтымақтастықтың қорытындыларын шығару, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын бірлесіп мерекелеу жоспарларын талқылау жоспарланған.

27-28 қарашада шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына дайындық аясында Астана көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш