USD
USD
USD

Астанада тұрғындарды пластик терезе орнатамын деп алдаған алаяқ ұсталды

Астанада пластик терезе орнатамын деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астанада тұрғындарға пластик терезе орнатуды ұсынып, сенімге кіріп, алаяқтық жасаған азамат қолға түсті.

Анықталғандай, ол бұған дейін пластик терезе орнатумен айналысатын кәсіпорында жұмыс істеген. Кәсіпорын жабылғаннан кейін, бұл азамат бұрынғы кәсібінен заңсыз пайда табуды жалғастыруды шешкен. OLX платформасына терезе орнату туралы хабарландыру орналастырып, оның өтірігіне шамамен 15 адам алданған. Әр клиентке келіп, қажетті өлшемдерді алып, алдын ала төлем сұраған соң, ізін суытқан.

Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні қолға түсірді. Ол – 32 жастағы азамат, жалпы алданған қаражат көлемі шамамен 3 миллион теңге.

Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева