USD
USD
USD

Астанада тұрғындарды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдікті анықталды

Астанада тұрғындарды грантқа оқуға түсіремін деп сан соқтырған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі
Фото: Полиция

Астана, NEGE. Астанада 33 жастағы әйел «оқу тағдырын шешіп беремін» деп сендіріп, бірнеше студент пен олардың ата-анасын сан соқтырған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті өзін жоғары оқу орнында беделді байланыстары бар адам ретінде таныстырған. Ол ақылы бөлімде оқып жүрген студенттерге мемлекеттік грантқа ауыстырып беремін деп уәде еткен.

«Бар болғаны ақшасын берсеңдер болды, қалғанын өзім реттеймін» деп сендірген. Ата-аналар балаларын грантқа түсіру үшін соңғы тиынына дейін жинап берген. Бірі қарыз алған, бірі тұрмыстық техникасын сатқан.

Алайда грант та жоқ, ақша да жоқ – ал «көмекші ханым» жұмыстан шығып, телефон сөндіріп, ғайып болған. Шығын көлемі 800 мың теңге. Жәбірленушілер біраз уақыт күтіп, уәде орындалмаған соң, полицияға шағымданған.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәртіп сақшылары оның осындай әдіспен алдаған басқа да азаматтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша