USD
USD
USD

Астанада түнгі клуб күзетшілері клиенттен ақша бопсалаған

Астанада түнгі клуб күзетшілері келушіден ақша бопсалаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

түнгі клуб күзетшілері
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында күзет қызметкерлерінің мекеме клиентінен ақша бопсалау фактісін анықтады.

Түнгі клубтың 21 және 24 жастағы күзетшілері Абай көшесінде 230 мың теңге көлемінде ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған. Бұған дейін Астана тұрғыны полицияға арыз беріп, дене күшін қолданып, қорқыту арқылы одан 1,5 млн теңге көлемінде ақша бопсалағанын хабарлаған.

Қазір бопсалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы барлар қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін баптың санкциясы шектеу немесе 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі