USD
USD
USD

Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды

Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокөлікті тоқтатты. Рөлде 14 жастағы жасөспірім отырған.

Жол ережесін бұзу
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/police__astana

Астана, NEGE. Құқық бұзушылық бейнекамералар арқылы тіркелген. Жасөспірім полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Көлікте онымен бірге тағы бір кәмелетке толмаған досы отырған.

Полицейлердің хабарлауынша, дәл осы автокөлікпен бұрын да бірнеше құқықбұзушылықтар, оның ішінде қауіпті маневр жасау деректері тіркелген. Алайда бұған дейін қолданылған шаралар тиісті нәтиже бермеген. 

«Бұл факт бойынша көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаның басқаруы, сондай-ақ басқару құқығы жоқ адамға беру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Кәмелетке толмағанның заңды өкілдері бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Полицейлер жүргізуші куәлігінсіз, оның ішінде кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы заңды өрескел бұзу болып саналатынын ескертеді. Бұл тұрғындардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі