Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті
Tesla автөкөлігі мен жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 19 қазан күні елорданың айналма жолында тіркелді.
Астана, NEGE. Полиция қызметінің хабарлауынша, Tesla автокөлігін 49 жастағы әйел тізгіндеген. Ол көпірге көтерілетін жол айрығында басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген, соның салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын зақымдап, көпірден құлап кеткен.
Жүк көлігінің 71 жастағы жүргізушісі қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.