USD
USD
USD

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды

Астанада терроризм актісі туралы парақшалар таратқан оқушының ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Байқоңыр ауданының gолиция басқармасы ҚР ҚК-нің 273-бабы 1-бөлігі бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Елордалық мектептің мұғалімі полицияға 9-сынып оқушысының үзілісте басқа оқушыларға мектеп қабырғасында заңсыз әрекеттерді жасауға шақыратын іс-шаралар туралы парақшалар таратып жатқанын байқағаны туралы полицияға жүгінді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жіберілді.

Мән-жайларды анықтаған кезде жасөспірім әзіл үшін компьютерде мәтін жазғанын және парақшаларды басып шығарғанын мойындады. Сонымен қатар оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамауы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр