USD
USD
USD

Астанада теннистен Президент кубогы басталды

Астанада теннистен дәстүрлі Президент кубогы атты халықаралық турнир басталды.

Т
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Екі апта бойы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жазғы хард жабынындағы корттарында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour сериялары аясында жарыстар өтеді.

Турнир аясында ATP Challenger сериясындағы ерлер арасындағы жекелей және жұптық сайыстардың, сондай-ақ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Ұйымдастырушылар тарапынан wild card (арнайы шақырту) қазақстандық Әмір Омарханов пен Занғар Нұрланұлына берілді. Негізгі тордың бірінші кезеңінде Омарханов жапониялық Шинтаро Имаемен кездессе, Нұрланұлы тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бахтияр және 17 жастағы Даниэль Тазабеков сынға түседі.

Іріктеу матчтары 28 шілдеде басталады. Орынбасар түрік теннисшісі Арда Азкармен, Ломакин жапониялық Тайсей Ичикавамен, ал Тазабеков тағы бір жапониялық ойыншы Риотаро Тагучимен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ұлттық банк, ҰҚК және Жоғарғы сот кеңесінің төрағаларын қайта тағайындады

Сүлейменов, Сағымбаев, Малахов

Құрылтай сайлауы мінсіз ұйымдастырылды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары