USD
USD
USD

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Елордада адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған автобус жүргізушісіне үкім оқылды.

Автобус жүргізушісі
Фото: ЖИ арқылы әзірленді

Астана, NEGE. Прокуратураның хабарлауынша, автобус жүргізушісі қоғамдық көлік рөлінде ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен. Жәбірленуші алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ауруханада қайтыс болды.

Сотта сотталушының кінәсі толық дәлелденді.

Сот үкімімен жүргізушіге 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Прокурорлар жүргізушілерге көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалануға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті