USD
USD
USD

Астанада техника сататын интернет-дүкеннің курьері қоймадан телефон ұрлаған

Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше телефон ұрлады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

курьер
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Тергеу барысында жігіттің техника сататын интернет-дүкенде курьер болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Дүкеннің Қорғалжын тас жолында орналасқан қоймасынан жеткізу үшін кезекті тауарларды алуға келген курьер қылмыстық оймен жалпы сомасы 1,5 млн теңге тұратын Iphonе 13, Iphonе 15 Pro  телефонын алып кеткен. Осылайша ұрланған гаджеттерді мереке қарсаңында туғандарына сыйлаған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов