USD
USD
USD

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Астанада Иманғали Тасмағамбетов әкім болып тұрған кезде басталған Шабал Бейсекова көшесі әлі күнге дейін салынып бітпеді.

Бейсекова көшесі
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде мәслихат отырысында депутат Талғат Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады Bes.media.

«Бұл хикаят 2011–2012 жылдары Иманғали Нұрғалиұлының тұсында басталған. Содан бері 10 жыл бұрын әкім Әсет Өрентайұлының тұсында шындап қолға алына бастады. Бұл көшені 10 жылдан бері салып келеміз! Нағыз ұзаққа созылған құрылыс болды. Бұл жолды салып біткенше бір буын өсіп шықты», – дейді депутат.

Депутат жол құрылысының тым ұзаққа созылып кеткеніне наразы тұрғындарды сабырға шақырып, олардың Президентке жүгінуіне жол бермей отырғанын алға тартты.

Оның айтуынша, 2026 жылы Бейсекова көшесінің құрылысына 1 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл қаражат жобаны толық аяқтауға жеткіліксіз. Ерғалиев көшені толық аяқтау үшін тағы 12 млрд теңге қажет екенін айтады.

«Жай ғана жол төсеудің өзіне 6 млрд теңге керек. Ұзындығы 22,5 км болатын LRT төрт жылда салынды. Ал біз 2,5 км болатын шағын учаскені 10 жыл бойы салып келеміз! Бұл қалай болғаны, әріптестер? Осы жобаны халық игілігі үшін аяқтайық», – деді мәслихат депутаты.

Ол жобаны биыл аяқтау керек екенін баса айтты. Себебі келесі жылы құрылыс материалдары қымбаттайды. Соның салдарынан жобаға қайта түзету енгізуге тура келуі мүмкін немесе жұмыс сапасы төмендеп кетеді.

Астана әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев жобаның шынымен ұзаққа созылып кеткенін мойындап отыр. Ал қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин жол бойында тұрғын алабы орналасқандықтан құрылысты аяқтау мүмкін болмай тұрғанын айтады. Айтуынша, Тұрғын үй басқармасы бұл үйлерді 1 сәуірге дейін сүріп тастауы тиіс, содан кейін ғана Көлік басқармасы іске кіріседі.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

.

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

.

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард