USD
USD
USD

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Елордада жоғары оқу орнының қызметкері 18 талапкердің сеніміне кіріп, университетке оқуға түсуге «жәрдемдесу» сылтауымен қылмыстық әрекетке барған.

Кісен
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Қалалық прокуратураның мәліметінше, оқытушы талапкерлерге белгіленген қабылдау тәртібінен тыс жоғары оқу орнына оқуға түсіруге уәде еткен. Ол әр талапкерден 600 мыңнан 900 мың теңгеге дейін ақша алған.

Сот барысында сотталушының қызметтік жағдайын пайдаланып, бірнеше рет алаяқтық жасағаны анықталған. Бұған қоса мемлекеттік айыптаушы оның жалған ресми құжаттарды қолдан жасап, жалған мөр әзірлегенін толық дәлелдеп шыққан.

«Сот үкімімен кінәлі адам 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді», – делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Сондай-ақ сотталған оқытушыдан материалдық залал өндірілген.

Қазір оқып жатыр

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек

ММА-ден әлем чемпионы Зейнеп Оразхан допинг үшін алтынынан айырылып, үш жылға жарыстардан шеттетілді

Зейнеп Оразхан

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль