USD
USD
USD

Астанада такси жүргізушісі қораптағы телефонды сатып жіберген

Астанада такси жүргізушісі қораптағы телефонды сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елорда тұрғыны өз ұлына сыйлық ретінде Айфон 16 Про ұялы телефонын сатып алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырған. Алайда күдікті 32 жастағы таксист телефон қорабын ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген. Осы дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді.

Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram