USD
USD
USD

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Зерттеу орталығында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында айтты.

Президент жиында аса маңызды материалдар саласында ашықтық пен технологиялық экожүйе қалыптастыруды басым міндет ретінде атап өтті.

«Аса маңызды пайдалы қазбалар жаңа индустриалдық дәуірдің негізгі стратегиялық ресурсы саналады. Жаһандық өзгерістерге жауап ретінде Қазақстан жетекші әлемдік компаниялармен ынтымақтастыққа өте қолайлы жағдай жасай отырып, өзінің нормативтік-құқықтық базасы мен саланы қадағалау тетіктерін үнемі жетілдіріп келеді. Біз Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын іске қостық», – деді ол.

Нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін лицензиялауға және бақылауға қатысты 22 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. Президенттің айтуынша,  бұрын тек қағаз және магниттік форматтарда ғана болған 4,7 миллионнан астам архивтік геология құжаттары мен материалдары бірыңғай ұлттық цифрлық қорға көшірілген. 

«Бұдан бөлек, біз тарихи геологиялық деректерді заманауи, машина оқи алатын форматқа түрлендіруді жеделдету үшін жасанды интеллектіні қолдана бастадық. Астанада Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын ашу бастамасы аясында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылады», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент инвестициялық рәсімдерді жеңілдету үшін «бір терезе» қағидатына сай қызмет көрсететін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі