USD
USD
USD

Астанада «Шекарасыз музыка» атты концерт өтті

«Астана Опера» сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шекарасыз музыка» атты опералық-симфониялық концерт өтті.

Концерт
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Концерттің шымылдығын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрінің орындауындағы Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» симфониялық күйі ашты. Дж.Россинидің аттас операсынан Семирамиданың ариясын Салтанат Ахметова орындады. Қазақтың халық әні «Япурай» әнін баритон Дінмұхамед Көшкінбаев орындады.

Петр Чайковскийдің Оркестр мен виолончельге арналған Рококо тақырыбындағы вариацияларын әйгілі виолончельші Сергей Ролдугин ұсынды.

Музыкалық кешті Д.Шостаковичтің Оркестр мен скрипкаға арналған №1 концертін орындаған скрипкашы Павел Милюков аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж