USD
USD
USD

Астанада шапан киген ер адам мешіт жамағатын пышақпен қорқытқан (видео)

Астанада шапан киген ер адамның мешіт жамағатына пышақ сермеп қорқытқан видеосы тарады. 

Ер адам
Фото: видео-скрин

Астана, NEGE. Тексеру барысында ер адамның психикалық дертке шалдыққандардың есебінде тұрғаны анықталды. 

Әлеуметтік желде тараған видеодан шапан киген ер адамның полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай тұрғанын байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, ер адам өзінің бетін пышақпен жарақаттаған. 

«Оқиға орнына полиция жасағы дереу келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды», - делінген полиция хабарламасында. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли