Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды
Астанада бірнеше адамнан Қытайдан автокөлік сатып әперемін деп ақша алып, уәдесінде тұрмаған автосалон дирекорына үкім шықты.
Астана, NEGE. Прокуратураның мәліметінше, директор сатып алушылардан алған қаражатты жеке қажетіне жаратқан. Ал автокөліктерді жеткізу бойынша міндеттемелерін орындап жатқандай көріну үшін ол клиенттеріне банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған.
Автосалон директорының осы әрекетінен алты адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 128 млн теңгеден аса материалдық залал келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы оның кінәсін толық дәлелдеді.
Сот үкімімен оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап қоюлар қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енді.