USD
USD
USD

Астанада полиция қызметкеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Елордада полицейді соққыға жыққан азамат ұсталды. 

қылмыс
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Оқиға кеше, 2024 жылдың 21 қарашасында, түнде болған.

Қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде полиция қызметкеріне күш қолданған 31 жастағы күдікті анықталды. Тергеу мәліметінше, жас жігіт дәмханада қоғамдық тәртіпті бұзып, мекемеге келген басқа келушімен жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан.

Мекеме маңында екі ер адамның төбелескенін көрген полиция қызметкері оларды тәртіпке шақырмақ болған.

Алайда олардың бірі полицияға күш көрсеткен. Күдікті өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысты тергеу іс-әрекетері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала