2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Астанада полиция қызметкері жаттығу кезінде көз жұмды

Елордадағы «Алатау» спорт кешенінде 43 жастағы полиция қызметкері Қасымхан Мелдебеков көз жұмды. Астана қаласы полиция департаменті ақпаратты растады.

Полицейдің қазасы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Алдын ала анықталғандай, полиция қызметкері жаттығудан кейін залдың шыға берісінде есінен танып құлап қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жеткенімен оның өмірін құтқарып қала алмаған. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – миокард инфарктісі. Қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мезгілсіз дүниеден өткен полицейдің отбасына көңіл айтты.

«Мезгілсіз дүниеден өткен Астана қаласы полиция департаментінің ЖҚАЖ (жедел қимылдайтын арнайы жасағы) аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес. Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді», - деп жазды Ержан Сәденов.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур