USD
USD
USD

Астанада полиция қызметкері қыз зорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желілерде Астанада 2003 жылы туған қызды жедел уәкіл зорлады деген ақпарат тарады. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция аталмыш ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желідегі жазбаларға сәйкес, полиция қызметкері пәтерге келіп, есікті ашқан қызға куәлігін көрсеткен, бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін ол қайтып келіп, қоңырау шалу үшін телефон сұраған, содан кейін қызға шабуыл жасап, зорлық жасаған.

Астана Полиция департаменті күдіктінің – бұрынғы полиция қызметкері екенін, оның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалғанын хабарлады.

– Ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам