USD
USD
USD

Астанада полиция қызметкері балконнан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Астана полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ аға инспекторы, полиция капитаны Салават Мұхамбетов тұрғын үйдің оныншы қабатындағы балконнан секірмек болған ер адамның өмірін сақтап қалды.

Ер адам
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/police__astana

Астана, NEGE. Полиция қызметкері түнгі кезекшілікке дайындалып жатқан кезде көшеден шыққан айқай-шуды естиді. Терезеден көрші үйдің оныншы қабатындағы балконнан жартылай салбырап тұрған ер адамды байқайды.

Ол дереу балконда тұрған ер адамға қарай жүгіреді. Оқиға орнына жеткен кезде секірмек болған ер адамды жұбайы бар күшімен ұстап тұрғанын көреді. Ер адам қарсылық көрсетіп, төмен секіруге әрекеттенген. Полицей мұндай сәтте әр секундтың маңызды екенін түсінеді.

«Кәсіби дайындығының, батыл шешім қабылдай білуінің және жедел әрекет етуінің арқасында Салават Мұхамбетов ер адамды дер кезінде ұстап қалып, балконның шетінен қауіпсіз жерге тартып шығарды. Оның спорттық дайындығы да маңызды рөл атқарды. Ол бала кезінен бокспен айналысады, бұл оған төтенше жағдайда тез бағдар алып, сенімді әрекет етуге көмектесті», – делінген ведомство хабарламасында.

Құтқару операциясынан кейін әлгі ер адамды дәрігерлер тексеруден өткізіп, қажетті көмек көрсеткен.

Салават Мұхамбетов ішкі істер органдарында 2020 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның айтуынша, бала күнінен адамдарға көмектесуге, оларды қорғауға және қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын созуға құмар болған.

Қазір оқып жатыр

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Тазы

Тоқаев Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Пашинян, Тоқаев

Аптап ыстықтан Шымкент маңындағы тас жолға зақым келді

тас жол

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян