USD
USD
USD

Астанада полиция формасымен видео түсірген блогер Justice Adilet ұсталды

Астанада Justice Adilet лақап атымен танымал блогер Әділет Қаликеев полиция формасымен түскен видеосынан кейін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Әділет Қаликеев
Фото: instagram.com/justiceadilet

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицияның қызметтік киімін киіп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің абыройына нұқсан келтіретін бірнеше бейнеролик жариялаған ер адамды анықтады. Тексеру нәтижесінде 30 жастағы құқық бұзушының жеке басы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», – делінген хабарламада.

Блогер арнайы айырым белгілері бар қызметтік форманы заңсыз кигені және заңға қайшы контент жариялап, таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Полицейлер құқық қорғау органдарының қызметтік киімін заңсыз кию, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің беделін түсіруге және азаматтарды жаңылыстыруға бағытталған материалдарды тарату фактілеріне заң аясында қатаң құқықтық баға берілетінін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай