Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада полицейлер есірткі жасырған жігітті ұстады

Астанада полицейлер есірткі жасырған жігітті ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

П
Фото: Полиция

Астана, NEGE. Астана қаласында "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер күдік тудырған жас жігітті ұстады. Құқық қорғаушылар Иманбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің кіреберісі маңында бір нәрсені бұтаның арасына жасырып жатқан азаматты байқап қалған. Полиция қызметкерлерін көрген ол қашуға әрекеттенгенімен, көп ұзамай қолға түсті.

Тексеру кезінде ұсталған 23 жастағы жігіттің шалбарының қалтасынан өсімдік тектес зат салынған 27 орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар оның жасырмақ болған жерінен осындай тағы бір пакет алынды. Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың гашиш екенін анықтады.

Белгілі болғандай, күдікті есірткі тасымалдау жұмысын интернет арқылы бір ай бұрын тапқан. Ол алдын ала дайындалған, изолентаға оралған есірткі пакеттерін жасырын орындардан алып, қалташа әдісімен таратқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық