Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада полицейді көлігімен сүйреген мас жүргізуші ұсталды

Астаналық мас жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, көлігімен сүйреген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізуші
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жергілікті рейдтік іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері KIA көлігінің жүргізушісін мас күйінде ұстады. Хабарлама күндізгі уақытта "102" пультіне түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері Мәскеу мен Потанин көшелерінің қиылысында жолдың қарсы жағындағы KIA көлігін анықтаған.

Сақшылардың тоқтату талаптарын елемеген жүргізуші жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, көлікті жүргізуін жалғастыра берген. Алайда ол көше қиылысында алдынан көліктер тұрғандықтан бағдаршамның қызыл түсіне тоқтауға мәжбүр болған. Осы кезде полицей көлікке жүгіріп келіп, есікті ашпақ болғанда жүргізуші жылдамдықты арттырып, инспекторды жол бойымен 20-30 метрдей сүйреп әкеткен. Өз өмірін қауіпке тігіп, құқық бұзушының көлігін арпалысып жүріп тоқтатқан полицейлер оны салоннан алып шығып, дереу тиісті шара қолданған.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Сонымен қатар 23 жастағы жас жігіттің жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталған.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік кодекстің екі бабымен – ішкі істер органы қызметкерінің заңды талабын орындамау және масаң күйде басқаруға құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат