USD
USD
USD

Астанада пәтерге ұрлыққа түскен Грузия азаматы анықталды

Елордада пәтерге ұрлыққа түскен Грузия азаматы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астанада бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азамат бірнеше пәтер ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары 52 жастағы Грузия азаматын анықтады.

Елорда тұрғынының үйін, үй иелері ұйықтап жатқан кезде ұрлыққа түскені анықталды. Жәбірленуші бөлменің дәлізінен белгісіз біреу ішінде ақшасы бар сөмкені ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын шамамен 50 мың теңге. Дәл осындай тәсілмен өзге пәтерден 30 мың теңге ақшасы бар әмиянды ұрлап кеткен.

Полиция оқиға орнынан куәгерлерден жауап алу барысында, жәбірленушілердің есігінің құлпы ашық қалғандығын анықтады. Ер адамның жеке белгілерін анықтап, полицейлер оның ізіне түсті.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж