5 Ақпан 14:22
...

Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеу қандай қаржыға салынып жатыр?

Шіркеу
Фото: mitropolia.kz

Қалалық мәслихаттың құрылыс мәселелері жөніндегі комиссия отырысында депутат Бауыржан Смаилов елорданың кіреберісінде салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен шіркеу құрылысына қатысты көзқарасын білдірді.

Астана, NEGE. Депутат бұл құрылыс туралы «мақтанатын жағдай емес екенін» айтты.

«Орталық Азияда ең үлкен шіркеу салмақшысыздар. Сол шіркеудің салынуына кім қаражат бөліп жатыр? Ондай шіркеу біздің қалаға қажет пе? Сол жағын талдадық па? Бізде бірнеше шіркеу бар. Үлкені де, кішісі де бар. Қаланың кіреберісіне Орталық Азиядағы шіркеу салу деген мақтанатын жағдай емес, меніңше. Осыған қалай жауап бересіз?» – деп сұрады депутат Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбековтен.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, шіркеу құрылысы бас жоспарға бірнеше жыл бұрын енгізілген әрі ол қайырымдылыққа жиналған қаржыға салынып жатыр.

«Ол бас жоспар бойынша қарастырылған. Мешіт салынса да, шіркеу салынса да, бюджет қаражаты бөлінбейтінін білесіздер. Бұл – қайырымдылықтан келетін қаржы. Оның салынатыны жоспарда 2018-2019 жылдары бекітіліп кеткен», – дейді ол.

Ришат Тұрдыбеков бұл құрылыс бойынша қосымша мәлімет беруге уәде етті.

Тегтер: