USD
USD
USD

Астанада Орта Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода Central Asia FIRST Championship чемпионатының ашылуы өтті. Үш күн бойы бес елден келген 3 мыңнан астам мектеп оқушылары өзара бәсекеге түсетін болады.

Робототехника чемпионаты
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Байқауға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Орта білім беру комитетінің төрағасы министрліктің STEM білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Мұндай байқаулар жас зерттеушілерге өз әлеуетін ашуға және техника, технология, физика, математика салаларында өздерін дәлелдеуге көмектеседі. Бұл алаң тәжірибе алмасу, шабыт алу және оқушылардың ғылыми қызығушылықтарын дамыту үшін тамаша мүмкіндік. Осы идея елімізде робототехниканың дамуына үлес қосып, қатысушылар тамаша нәтижелерге қол жеткізсін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Қаныбек Жұмашев.

Конкурс әлемдік FIRST бағдарламасы аясында үш жас категориясы бойынша өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Сонымен қатар чемпионатта инновациялық жобалар байқауы мен қазылар сессиясы да болады.

Айта кету керек, FIRST чемпионаттары жыл сайын түрлі тақырыптар бойынша өткізіледі. Биылғы маусым өнер тақырыбына арналды. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, АҚШ, Австралия, Сингапурдағы халықаралық олимпиадаларға қатысуға лицензиялар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Чемпионатты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Foundation» және Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесіп өткізу

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды