USD
USD
USD

Астанада Олимпиада алдында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

World Boxing халықаралық федерациясы 2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы ресми түрде жариялады.

Бокс
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бұл әлемдік біріншілік халықаралық жарыс күнтізбесіндегі маңызды оқиға болмақ, себебі турнир 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында ұйымдастырылады.

Чемпионаттың өткізілу мерзімі мен ұйымдастыру жұмыстары туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады.

"2027 жылы Олимпиада алдында өтетін бокстан әлем чемпионатын өткізу – Қазақстан үшін үлкен мәртебе, әрі жауапкершілік. Біздің ел ірі халықаралық спорттық жарыстарды жоғары деңгейде өткізуде мол тәжірибеге ие және бұл турнир де сол дәстүрден тыс қалмайтынына сенімдімін.

Олимпиада алдындағы бұл чемпионаттың маңыздылығын түсіне отырып, World Boxing ұйымына білдірген сенімі үшін алғысымды айтамын," – деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды. Бұған дейін 2013 жылы Алматыда ерлер арасында әлем чемпионаты өткен еді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы