Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі
Астанада Мүгедектігі бар адамдар күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек қарастырылған.
Астана, NEGE. Әкімдік мәліметінше, біржолғы төлем мынадай мөлшерде беріледі:
Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш берудің қажеті жоқ. Қаражат алушылардың есепшотына автоматты түрде аударылады. Алайда жақында елордаға қоныс аударған азаматтар мекенжайының Астанаға ауыстырылғанын тексеруі қажет.
Әлеуметтік көмек жылына бір рет беріледі. Егер азамат 2026 жылы басқа негіз бойынша осындай төлем алған болса, оған қаражат қайтадан аударылмайды.