Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада мешіттен аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталды

Астана қаласының тәртіп сақшылары елорда мешіттерінің бірінен келушілердің аяқ киімін ұрлап кеткен ер адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қала тұрғыны полицияға аяқ киімінің ұрланғаны туралы арызданған. Ер адамның айтуынша, қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз біреу оның құны 30 мың теңге тұратын кроссовкасын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған кезде бейнебақылау камераларына түсіп қалған 28 жастағы ер адамды анықтаған. Кадрларда оның сөренің жанындағы аяқ киімге қарап тұрғанын көруге болады. Өзіне ұнаған аяқ киімді таңдап алып, оны киіп мешіттен шығып кеткен.

 Ер адам кінәсін мойындады, оның астанада бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат