USD
USD
USD

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордада полицейлер ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады. Ұсталған қылмыскердің бірі – 1984 жылы көрші мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 67 жастағы Ресей Федерациясының азаматы.

Оған қарақшылық, кісі өлтіру және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық баптары бойынша айып тағылып жатыр. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жазадан құтылып кеткен, тек осы жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясы ІІМ қылмыстық істі қайта бастап, оған халықаралық іздеу жариялаған.

Ер адам қаланың көпқабатты үйлерінің бірінің ауласында ұсталды.

Екінші ұсталған – 47 жастағы Ингушетия Республикасының азаматы. Ол 2023 жылдың шілдесінен бастап жарылғыш заттарды орналастырды деген күдікпен іздеуде жүрген. Ер адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін Ресей Федерациясының аумағынан кетіп қалып, бір жарым жылдан астам уақыт қашып жүрген. Полиция оның орналасқан жерін анықтап, ұстады.

Екі қылмыскер де «Құқықтық тәртіп» ЖПШ шеңберінде құрықталды және қамауда отыр. Қазіргі уақытта оларды Ресей Федерациясының аумағына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала