USD
USD
USD

Астанада математиканы тереңдетіп оқытатын мектеп ашылды

Астанада логикалық математиканы тереңдетіп оқытатын мектеп ашылды, деп хабарлады 24KZ.

мектеп
Фото: 24.kz

 Алматы, NEGE. Білім ордасында бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, ағылшын тілі мен IT бағыты да үйретіледі. Басты мақсат – бәсекеге қабілетті зерделі тұлға қалыптастыру. Оқу ордасы халықаралық стандартқа сай салынған.

Мектепте халықаралық олимпиадаларда жүлделі орын алған білікті ұстаздар жұмыс істейді. Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша 140 балл жинаған оқушы – осы мектептің түлегі.

 Мәуіт Ырысбек, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері:

 - Бастауыш сыныптағы кейбір күрделі есепті оңай тәсілмен шешуге өзімнің көптеген авторлық әдістемеміз бар деп айтуға болады. Математикалық сауаттылық дегенді қазір көп айтып жатыр. Бұның барлығы айналып келгенде логикаға тіреледі. Логикасы мықты бала ертең ол кез келген жерден, кез келген салада, қызметте, нәтижеге, табысқа жете алады.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті