USD
USD
USD

Астанада мас күйінде қайыр тілеген ер адам сотталды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қоғамдық орында айналасындағылардың мазасын алу фактісі бойынша ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, азамат И. алкогольдік масаң күйінде қоғамдық орында бола тұра қайыр сұрап, көлік жүргізушілерінің мазасын алған. Бұған дейін құқық бұзушы ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту түрінде жаза тағайындалғаны да белгілі.

Сот отырысы барысында И. өз кінәсін толық мойындап, әрекетті алкогольдік масаң күйде болғандықтан жасағанын айтты.

«Сот қаулысымен құқық бұзушы И. ҚР ӘҚБтК 449-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды», – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі